153
БҚО-да көлік қағып кеткен ер адам қаза болды
Оқиға 29 қараша күні шамамен сағат 20.10-да Орал-Бузулук жолының 1-шақырымында болды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік ер адамды қағып кетті, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, оқиға 29 қараша күні шамамен сағат 20.10-да Орал-Бузулук жолының 1-шақырымында болды.
«Жүргізуші Hyundai Tucson автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.