346
Әбиба Әбужақынова 9 жылдан бері неге тамақ пісірмейтінін айтты
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова журналист Ақырыс Сейтқазының Youtube арнасына сұхбат берді.
Қазақстандық спортшы тамақ пісірмей жүргеніне он жылға жуықтағанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Көбі мені тамақ пісіре алмайды деп ойлайтын шығар. Жоқ, әзірлей аламын. Бірақ тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды. Мен интернатта оқығанда бізге тегін тамақ беретін. Ал университетте жүргенде қыздармен пәтерде тұрдым, тамақты солар жасайтын. Өйткені мен жаттығудан кеш келетінмін. Қазір енді тамақты анашым пісіреді. Ұмытып қалған шығармын», - деді дзюдошы.
Еске салайық, бұған дейін Әбиба Әбужақынованың анасына жұмыс істетпейтіні туралы жазған едік.