Ақтауда көлікті ұтысқа ойнатқан азамат сотталды

Оның лоторея ойнатуға лицензиясы болмаған.

Ақтауда көлікті ұтысқа ойнатқан азамат сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
457

Ақтауда лоторея ойнатқан жеке кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның лоторея ойнатуға лицензиясы болмаған.

Ол 5 тамызда Instagram желісінде Toyota Land Cruiser Prado 120 автокөлігін ойнатқан. Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 445-1 бабының 6-бөлігіне қайшы әрекетке жол берген.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп тауып, 775 320 теңге айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Серіктес жаңалықтары