«Ата жауға айналған»: Роза Әлқожа той иелерімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Әнші кейбір той иелерімен жауласып қалғаны туралы жазды.

«Ата жауға айналған»: Роза Әлқожа той иелерімен қарым-қатынасы жайлы айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
1193

Роза Әлқожа аймақтарды аралап, ел ішінде концерт қойып жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол кезекті концерт кезінде өзіне қамқорлық көрсеткен адам жайлы жылы лебізін жазған. Сонымен қатар әнші тойларына арнайы барып, қызмет еткеніне қарамастан араласпай кеткен той иелері жайлы да сөз қозғаған.

«Бес концертті абыроймен аяқтадық, шүкір! Осы сапарда өте жақсы, өте жанашыр жандар қарсы алып, шығарып салды. Солардың бірі - Салтанат. Көрмегенімізге бес жыл болыпты. Көмекшіме хабарласып, «қызым екеуміз әрлеп, шашын жасап береміз» деген. Оны қойшы, сол күнгі көмегін айтам да. «Сен ауырып тұрсың, дәрі ішуің керек» деп өзі дәрі тауып келіпті. Бәсе, терлеп бірақ тоңып отырмын. Оны суға түскен соң солай шығар деп ойладым.

Адам күн-түн демей жол жүре берсе, естен танып қалады емес пе?! Оның үстіне қонақүй суық еді. Бір кезде аяғыма крассовка киіп шыққаныма мән беріп, сол жерден шамалы жердегі ауылдан аяқ-киім алдырды. «Аяғың жылы жүру керек қой» деп жатыр. Баяғыда бір тойына барғанмын ғой. Соның қарымтасын жылына екі рет сыйлық жіберіп, енді міне осылай қайтарып жатыр. “Әй, мен сенен бірдеңе дәметтім бе?!» десем, «мен сені өмір бойы сыйлап өтемін!» дейді. О, тоба, мен кімнің тойына бармадым?! Бір әулеттің үш-төрт тойына барған да шақтарым болды. Солар ұмытып, кейбірі ата жауға айналғаны да бар. Дүние-ай!

Ізнілік пен мейірім жоғалмаса болды! Қалғаны - құдайдыкі. Біздікі - пейіл ғана», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары