Мәжіліс су кодексі туралы заң жобасын мақұлдады

Кодексте шағын өзендер мен көлдерді қорғаудың талаптары кеңейтілді.

Мәжіліс су кодексі туралы заң жобасын мақұлдады
коллаж: Тurkystan.kz
101

Жаңа су кодексі 121 баптан, 14 тараудан және 6 бөлімнен тұрады.

«Жаңа су кодексінде «су қауіпсіздігі» ұғымы алғаш рет енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды. Басты назар су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғауға аударылып, содан кейін ғана экономикалық қажеттілікке маңыз берілген. Сонымен қатар кодексте шағын өзендер мен көлдерді қорғаудың талаптары кеңейтілді. Атап айтқанда, шағын өзендерде түпсіз бөгеттер құрылысына тыйым салу туралы талаптары қарастырылып отыр»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Одан бөлек бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау бойынша тергеу құзыреті беріледі. Бұл тетік су ресурстарын қорғауға, олардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге қойылатын талаптарды күшейтеді.

Серіктес жаңалықтары