270
29 қараша күні телеарналар мен радиолар жұмысын тоқтатады
29 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Еліміздің барлық аумағында 29 қарашада жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!», - делінген хабарламада.