Бұл туралы "Астана" футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"Астана" футбол клубының мәліметінше, матчқа деген қызығушылық танытқандар көп болуына байланысты билет сату бойынша келесі қауіпсіздік шарттары қарастырылған:
Бір қолға 4 дана билет сатылады: сатып алу электрондық пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады;
Билеттер жеке тұлғаға рәсімделеді, тапсырыс беру кезінде әрбір келушінің деректерін енгізу қажет, матчқа барған кезде өзімен бірге растайтын құжат болуы тиіс;
Матчқа қатысу құқығын беретін QR коды бар электрондық билет матч күні электрондық поштаға жіберіледі;
www.zakazbiletov.kz сайтындағы кезектің артуына байланысты, онлайн кезек іске қосылуы мүмкін.