194
Биосән: Даниялық бренд бактериядан жасалған сөмке шығарды
Танымал даниялық Ganni бренді биоматериалдан жасалған ерекше сөмкені таныстырды.
Материал ауылшаруашылығы өнімдерінің қалдықтарымен қоректенген бактериялардан алынады. Осы процестің нәтижесінде пайда болған талшық болаттан 8 есе берік, ал сыртқы түрі мен текстурасы теріге ұқсайды.
Экологиялық таза материалдар сән әлемінде үлкен танымалдылыққа ие болып келеді, ал мұндай технологиялар тұрақты дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады.