Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаға тартылып жатыр

Полиция қоғамдық орындарда кальян шеккендерді жазаға тартуда.

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаға тартылып жатыр
Фото: Unsplash
226

Осы ретте еліміздің бірнеше қаласында арнайы рейд жүргізілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбеде рейд барысында танымал ойын-сауық орындары тексерілді. Бір күнде полицейлер ойын-сауық орындарында кальян шегудің 10-нан астам жағдайын тіркеді. 4 әкімші және кальян шеккен 7 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай мен Рудныйда полицейлер түнгі клуб пен кафеде кальян шеккен 10 заң бұзушыны барлығы 15 АЕК (55 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалады. Бұзушылықтар тіркелген мекемелердің үш иесіне кальян шегуді ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынады.

Атырау облысы Құлсары қаласында вейп өнімдерін сатқан дүкен анықталды. Тексеріс барысында 123 дана вейп өнімдері және 5 дана насыбай өнімдері табылып, тәркіленді. Күдікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазақстанда оқу орындары, медициналық мекемелер, мейрамханалар, кинотеатрлар сияқты қоғамдық орындарда, сондай-ақ көлік пен вокзалдарда темекі бұйымдарын, электрондық темекі мен кальян шегуге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары