Қызылорда облысында киберқылмыстық топ мүшелері ұсталды

Облыс прокуратурасы жасанды интеллект мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде қолдану бағытында «IT ТERGEU» жобасы жүзеге асырып жатыр.

Қызылорда облысында киберқылмыстық топ мүшелері ұсталды
istockphoto.com
Автор
Админ
205

Жоба аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы 496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон нөмірі тексерілді.

Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам залал келтірген 134 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды.  

 Бұдан бөлек 51 хабар-ошарсыз жоғалғандар тәулік ішінде табылды.

 Жыл басынан бері 772 алаяқтық қылмыстар тіркеліп, 375 сотқа жолданды.

 Бүгінгі таңда алаяқтықпен келтірілген залал бойынша жалпы 439 млн теңге тергеп-тексеру сатысында өндірілген.    

 Сондай-ақ «IT ТERGEU» жобасы аясында 2024 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Қызылорда қаласының тұрғындарын интернет ресурстарын пайдалану арқылы 10 млн теңге астам қаражатты алаяқтық тәсілмен жымқырған киберқылмыстық топ мүшелері Орал қаласында ұсталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы интернет ресурстарда келісім жасасу барысында мұқият болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары