«Етім үйреніп кетті»: Жұлдыз Өмірғали Айқынмен арақатынасы жайлы айтты

Айқын Төлепбергеннің жары отбасылық үйлесімділіктің жаңа дейгейімен бөлісті.

«Етім үйреніп кетті»: Жұлдыз Өмірғали Айқынмен арақатынасы жайлы айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
740

Әнші Жұлдыз Өмірғали Айқынмен арақатынасы жайлы сөз қозғады,деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, Айқын Төлепбергенмен отбасы құрғанына он жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында түрлі кезеңдерден өткенін алға тартты. Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали «OZMZ» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шаш ағарды, екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осында деп білемін», – деді Жұлдыз Өмірғали.

 

 

Серіктес жаңалықтары