294
«Сай келмейді»: Ерке Есмахан уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Әнші әлеуметтік желіде жыл мезгілі жайлы сөз қозғады.
Ерке Есмахан Алматы қаласын қараңғылық ерте басатынын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Ислам екеуміз күзді қимай жүрміз. Бірақ, мына сағат тілі біздің режимге сай келмей жатыр. “Таң атса болды, күн батты” деген әннің тура мағынасы боп тұр. Сағат түскі 16.00-де Алматыда қараңғы. Қаста не боламыз?», – деп жазды әнші өзі жариялаған бейнежазбаның сипаттамасына.
Еске салсақ, бұған дейін әншінің психологтан кеңес алғаны жайлы жазған едік.