Қазақстандық самбошы әлем чемпионатындағы екінші алтынды қоржынға салды

Отандасымыз финалдық бәсекеде Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновпен кездесті

Қазақстандық самбошы әлем чемпионатындағы екінші алтынды қоржынға салды
Спортты дамыту дирекциясы
254

Қазақстандық спортшы Есентай Иманханов ел қоржынына самбодан әлем чемпионатының екінші алтынын салды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

64 келіде өнер көрсеткен отандасымыз финалдық бәсекеде Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновпен кездесті.

"Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Есентай Иманханов (спорттық самбо) үздік шықты", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары