287
Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті
Футбол федерациясына жаңа президент сайланатын болады.
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловтың қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өзінің президенттіктен кететіні туралы бүгінгі ұйым жиналысында мәлімдеген.
Айта кетейік, 53 жастағы Әділет Барменқұлов 2022 жылдың ақпанында федерация басшысы болып тағайындалған.
Анықтама үшін:
Барменқұлов Әділет Назарбайұлы 1971 жылдың 20 қарашасында ҚазКСР, Талдықорған облысының Қапал ауданында дүниеге келген.
Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясында басшылық қызметтер атқарған. «Атамекен» ұйымының үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденінің иегері (2018).