Қазақстанда 50 жастан асқан ер адамдардың денсаулығы тексерілмек

Министрдің айтуынша, көптеген ересек үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология.

Қазақстанда 50 жастан асқан ер адамдардың денсаулығы тексерілмек
istockphoto.com
244

Денсаулық сақтау министрлігі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдан бастап ерлерге арналған медициналық скринингтің басталатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, көптеген ересек үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология.

«Келесі жылы біз 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Денсаулығымызға бүгіннен бастап қамқорлық жасауымыз керек. Тек тұрақты тексерулер мен профилактикаға назар аудару өмір сапасын сақтауға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар -бұл сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз.

Дәрігерлердің еңбегі мен сіздерің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа - сау және белсенді қоғамға барамыз. Денсаулық – бұл біз бірге күтетін құндылығымыз екенін есте сақтау маңызды», – деді Әлназарова.

Серіктес жаңалықтары