Келес ауданында жыртық тудың ілініп тұрған видеосы тарады

Жергілікті орган жыртылған тудың дер кезінде ауыстырылғандығын мәлімдеді.

Келес ауданында жыртық тудың ілініп тұрған видеосы тарады
скриншот
370

Әлеуметтік желіде жыртылып қалған Мемлекеттік Тудың желбіреп тұрған видеосы тарады. Жазба авторларының айтуынша, оқиға Келес ауданында болған.

Әкімдік аталған жағдайға қатысты түсінік берді. 

Жергілікті орган жыртылған тудың дер кезінде ауыстырылғандығын мәлімдеді.

«6 қараша күні ауа райы бұзылып, нөсер жаңбыр жауды және қатты жел тұрды. Нәтижесінде аудан орталығы Абай ауылындағы тұғыр үстіндегі Мемлекеттік Туға зиян келген. Болған жайт бойынша, жауапты мекемелер шұғыл түрде Мемлекеттік Туды қалпына келтірді» - делінген әкімдік жауабында.

Серіктес жаңалықтары