182
Азия чемпионаты: Лев Черепанов ашық суда жүзуден қола медаль еншіледі
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті.
Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Лев Черепанов – жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жас спортшы. 2001 жылдың 10 наурызында дүниеге келген.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады.
Турнирде еліміздің атынан алты спортшы бақ сынауда.