219
Астанада ветеринарлар 526 млн теңге жымқырған
Шығын толықтай өтелді.
Ветеринарлық бақылау саласындағы өкілетті органның бұрынғы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласында жасаған заңсыз іс-әрекеттері үшін 2022 жылдың 19 тамызында соттталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардың заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке 526 млн теңгеден астам шығын келген.
Астана прокуратурасы негізсіз жұмсалған бюджет қаражатын қайтару туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.
Сот шешімімен Прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, жауапкерлерден келген шығын толықтай өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.