303
Түркістан облысында 16 млн теңге қарызы бар тұрғын ұсталды
Ол соңғы 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.
Полицияға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша бірден іске кіріскен патрульдік полиция батальонының қызметкері аталмыш көлікті тоқтатты. Белгілі болғандай, ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты.
Ол соңғы 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.