225
Орталық сайлау комиссиясының бірнеше мүшесі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі лауазымынан босатылып, олардың орнына жаңа екі адам тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.