Балық шаруашылығының атын жамылған есірткі зертханасы жойылды

Құқық қорғау органдары аса ірі мөлшерде каннабис өсірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасын анықтып, көзін жойды.

Балық шаруашылығының атын жамылған есірткі зертханасы жойылды
polisia.kz
Автор
Админ
168

Балық шаруашылығының атын жамылған қылмыстық кәсіп Алматы облысының Байкен ауылында жүзеге асырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар өсімдіктердің бір жарым мыңнан астам бұтасы тәркіленді. Үш гектарлық заңсыз жылыжай ғимараттың жертөлесінде орналасқан, онда балық өндірілген.

Тінту барысында 10 млн теңгеден астам ақша, жарықтандыру аспаптары, жылу шамдары, жылыту және желдету жүйелері, суаруға арналған заттар және есірткі өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 18 адам ұсталды. Есірткі өнімдерін одан әрі жеткізу арнасы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ жыл басынан бері 56 есірткі зертханасын жойып, 23 тоннадан астам түрлі есірткі түрлерін тәркілеп, заңсыз айналымға жібермеді.

Серіктес жаңалықтары