165
Қарағанды облысының аграршылары биыл рекордтық астық жинады – 1,3 млн тонна
4,4 млрд теңге несие берілген.
Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, мұндай нәтиже соңғы 13 жылда болмаған. Сонымен қатар, биыл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдар 4,9 мың гектарға ұлғайып, 35 мың гектарға жетті.
«Жалпы, АӨК саласында жыл соңына дейін 23 млрд теңгеден астам сомаға 30 инвестициялық жоба іске асырылады», - деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 4,4 млрд теңгеге 483 шағын несие берілді. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 816 жұмыс орны ашылып, 60-тан астам ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды.
«Мысал келтіре кетсек, айына 30 тонна қымыз өндіретін «Saq NS» ӘКК неміс технологиясы бойынша бие сүтін өндіру цехы. Сонымен қатар, «Мади-Агро 7» ӘКК атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы кооперативін құра отырып, былтыр ол Qarmet-ке 100 тоннаға жуық ет жеткізді», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.