231
Астанада мектеп директоры 8 млн теңге жымқырған
Астана қаласының Байқоңыр ауданының прокуратурасы қала мектептерінің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Мектепте жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 52,3 млн теңге айыппұл салынды.
Директор залалды толық өтеген.
Үкім заңды күшіне енді.