Такси шопыры ерлігі үшін марапатталды

Такси шопыры ерлігі үшін марапатталды

Такси шопыры ерлігі үшін марапатталды
ашық дереккөзі
Павлодарда такси шопыры Қуаныш Құлжикенов бейтаныс адамның мүлкін қорғаудағы ерлігі үшін марапатқа ие болды. Үйді тонап қашып бара жатқан ұрлықшыны көріп, ұстаған ер адамға полиция алғыс хаты мен ақшалай сыйлық берілді деп хабарлайды sputniknews.kz.  Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған 28 жастағы ұрлықшы әшекей бұйымдарды, тұрмыстық техниканы, тондарды, ішімдік пен иіс суды тонаған. Ұрланған заттарды жалпы сомасы - 4500000 теңге. Заттарды тонап қашып бара жатқан ұрыны жолай өтіп бара жатқан такси шопыры қолға түсіріпті. Павлодар облысы ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев Қуаныш Құлжикеновке алғыс хат пен ақшалай сыйлық ұсынды.  Ер адамға ерлігі мен ұрыны ұстаудағы батылдығы үшін алғыс айтылды. "Әйел адамның осындай жағдайға ұшырағанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылдым. Менің орнымда кез келген адам осылай істер еді. Полиция ведомствосы мұны ескеріп, мерекеге орай ақшалай сыйлық беріп жатқанына ризамын", — деді Қуаныш.