Кәсіпкерден 4,4 млн теңге алған комитет төрағасына қатысты тергеу аяқталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды.

Кәсіпкерден 4,4 млн теңге алған комитет төрағасына қатысты тергеу аяқталды
istockphoto.com
Автор
Админ
311

Ол кәсіпкерден 4,4 млн теңге алды деп айыпталған. Яғни шегірткеге қарсы пестицид жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты құнының 5%-ын сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үйқамаққа алынды.

31 қазанда Бас прокуртура айыпталушыларды сотқа берді.

Қылмыстық-процессуалдық кодестің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары