273
LRT пойызы операторларын оқытуға құжат қабылдау басталды
Жеңіл рельсті көлік пилотсыз болады. Ол толық автоматтандырылған.
Түйіндемені қоғамдық көлікке жауапты «City Transportation Systems» серіктестігі қабылдайды. Оқу мерзімі 1 жыл.
LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады.
LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:
- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;
- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.
Жұмыс беруші тарапынан ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.
Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- теміржол көлігі саласындағы жоғары білім;
- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.
Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.
Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады.