Бұл туралы «Уральская неделя» телеграм каналы жазды.
Руслан Жұмағұловпен бірге екі адвокат ұсталған.
«1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін берілген», - делінген материалда.
Жедел-тергеу шараларын ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері мен БҚО департаменті жүргізіп жатыр.
Жұмағұлов сот төрағасы қызметіне 2019 жылғы 31 желтоқсанда Президент Жарлығымен тағайындалған.