688
«Өз таңдауын жасады»: Абай Бегейдің әйелі желіде тараған қауесетке нүкте қойды
Желі қолданушылары әншінің әйеліне «Абай Бегейдің қызын сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді» деген сын таққан.
Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова өзіне қатысты сынға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушылары әншінің әйеліне «Абай Бегейдің қызын сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді» деген сын таққан.
«Жұрт мені «Сымбатты үйде сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді» деп жатыр. Бұл — ақылға қонбайтын әңгіме. Сымбат — ересек адам. Ол өз таңдауын жасап, ұзатылды. Мұстафа екеуі ата-анасының батасын алып, үйленді. Қазір студент болып, оқуларын оқып жатыр», — деді ол.