Футбол матчында жанкүйерлер гол үшін төбелесіп, бір адам қаза тапты

Жергілікті полиция күдіктінің анықталғанын хабарлады

Футбол матчында жанкүйерлер гол үшін төбелесіп, бір адам қаза тапты
depositphotos.com
265

Полицейлер футбол матчында жанкүйерді өлтірген күдіктіні анықтады. Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) турнирі аясындағы «Арсенал» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын кезінде жанкүйерлер төбелесіп, «Манчестер Юнайтед» жанкүйері қаза тапты.

Tengri Sport мәліметінше, 27 қазанда Лондондағы Эмиратс стадионында Премьер-лиганың «Арсенал» мен «Ливерпуль» арасында ойыны өтті. Кездесудің 81-минутында «Ливерпуль» және Египет құрамасының шабуылшысы Мохаммед Салах есепті 2:2-ге жеткізді. Сол сәтте Бенджамин Окелло голды тойлай бастаған, бұл «Арсенал» жанкүйерінің ашуына тиген. Нәтижесінде олар төбелесіп, «Гуннерлердің» жанкүйері таяқ алып, «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерін соққыға жыққан. Ол ауруханаға жеткізілді, алайда, дереккөздің айтуынша, көп ұзамай алған жарақаттарынан көз жұмған.

Жергілікті полиция күдіктінің анықталғанын хабарлады. Ол – белгілі қылмыскер 30 жастағы Онана Бьямпанги. Ол қылмыс орнынан қашып кеткен, қазір іздеуде жүр.

Серіктес жаңалықтары