375
Шығыс Қазақстанда екі тас жолдағы қозғалыс шектеледі
Бұл шара жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында екі республикалық тас жолдағы қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтожол» мәліметінше 1 қараша күні кешкі сағат 19:00-ден бастап тіркемесі бар жүк көліктерінің сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Бұл шаралар келесі автожол учаскелерінде жүзеге асырылады:
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай – Рахман қайнары, 46-66 шақырым;
Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы, 94-104 шақырым (түнгі уақытта, 20:00-ден 06:00 дейін, қыс мезгілі аяқталғанша).
«Бұл шектеу қыс мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін жасалып отыр», - деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.