256
Ақтауда есірткі жарнамалаушылар ұсталды
Облыс прокуратурасы Ақтауда есірткі жарнамалаған үш адамды ұстады.
Ұсталғандардан «МЕФ, СК, DUNE24CC,VPN» жазулары бар трафарет, фломастер,балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.