Теміртау тұрғыны итті бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Жануарға қатыгездік танытқаны үшін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Теміртау тұрғыны итті бесінші қабаттан лақтырып жіберген
istockphoto.com
Автор
Админ
292

Теміртау қаласының Полиция басқармасы өз итіне қатыгездік жасаған 46 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бесінші қабаттың терезесінен аулаға құлаған ит жарақат алып, жүре алмай қалған. Оқиғаны көзімен көрген ауладағы куәгерлер полиция шақырған. Полиция итті ветеринарлық емханаға алып кеткен.

Итті лақтырған азамат мас болған. Ол істеген ісін мойындады.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары