272
Қостанайда балалар бапкері бюджеттен 6 млн теңге ұрлаған
Қазір іс сотқа жолданған.
Қостанай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Жоғары спорт мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдердің шорт-тректен бапкері 2022 жылдың қазаны мен 2024 жылдың қаңтар айы аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оқу-жаттығу жиындары мен спорт сайыстарына бармаған адамдарды көрсетіп, жалған аванстық есептер толтырып, ақша аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түскен ақшаны ол өзіне алып отырған. Ұрланған бюджет қаражаты 5,9 млн теңгені құрады.
Кейін ол ақшаны депозитке салып, банктен пайыз алып отырған. Депозиттен пайыз ретінде алған ақшасы 613,1 мың теңгені құраған.
Бапкерге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.
Істі Қостанай қаласының №2 соты қарайды.