254
Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауы өзгертілмек
Жобада Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарындағы 90 көше мен бір шағын ауданның атауын өзгерту көзделген.
Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауын өзгерту және атаулар беру ұсынылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент әкімдігі «Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» қалалық мәслихаттың қаулысы мен шешімінің жобасын жариялады. Құжатта қаланың бірқатар көшелері мен шағын аудандарының атауын өзгерту, сондай-ақ кейбір атаусыз көшелерге атау беру ұсынылады.
Жобада Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарындағы 90 көше мен бір шағын ауданның атауын өзгерту көзделген. Аталмыш аудандардағы 290-нан астам атаусыз көшелер мен ықшамаудандарға да атау беру жоспарлануда. Әл-Фараби мен Тұран аудандарында алты көше атауының транскрипциясы өзгереді.