1119
Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан ажал құшты
Келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты
Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, соның салдарынан келіншек көз жұмған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан. Келіншек алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тауып, ер адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.