720
«Қазақстанда жасамаймыз»: Айгүл Иманбаева үйлену тойы қайда өтетінін жария етті
Әнші жолдасы екеуі үйлену тойын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап жатыр.
47 жасында тұрмыс құрған әнші Айгүл Иманбаева желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Өнер иесі бүгінде үйлену тойына дайындалып жатқанын мәлім етті.
«2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған «аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын», – деп жазды әнші.