Ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісоваға сақинасын берді

Ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісоваға сақинасын берді
instagram/zhunusova.makpal
421

Белгілі ақын, композитор Ақұштап Бақтыгереева 80 жасқа толып, өнер өкілдерінің басын қосқан кеште Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады.

Ақын сақинаны әншінің қызы Мерейге ырымдап, сыйға тарту еткенін атап өтті.

«Айналайын, дами беріңдер! «Әкемнің құрдасының қолынан алдым» деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер», – деді ақын.

Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында алғысын білдірді.

«Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары