Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

Бас прокуратура жауап берді.

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
Ғаламтор
Автор
Админ
1894

ҚР бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Үй өртеуге қатысты іс тергеліп жатыр. Сараптама тағайындалған», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазан күні түнде болған төбелес кезінде көз жұмған. Жасөспірімді анасының көзінше ұрып, пышақтап кеткен. 12 қазанда Шерзаттың әке-шешесінің үйі өртеніп кетті.

Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі мен орынбасары, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров, Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов жұмысынан кетті.

Қазір жасөспірімнің өліміне қатысты бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары