2 жұмысшы қаза тапқан «Қазхром» карьерін арнайы комиссия тексермек
«Қазхромның» Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинаты Мирный карьерінде болған оқыс оқиғадан кейін, еңбек инспекциясы арнайы комиссия құратын болды.
Оқиға 30 қазан күні сағат 13:14 шамасында болған. Бір жұмысшы мен жүргізуші карьерге қарай жолға шыққан.
Еңбек министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқыс оқиға самосвал жүргізушісі техниканың руліне ие бола алмағандықтан орын алған. Дегенмен Мемлекеттік еңбек инспекцияның Ақтөбедегі департаментінде құрылған комиссия жағдайды нақты тексеруі қажет.
«Самосвал жүргізушісі азамат С. шахта жұмысшысы азамат Ж. тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатады. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатып, самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, соның салдарынан самосвал аударылып кеткен», – делінген министрлік хабарламасында.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем жұмысшылардың қаза тапқанын айтқан.
«Қазхром» акциониерлік қауымдастығы 1995 жылдың 20 қазанында ресми тіркеуден өткен. Компания Eurasian Resources Group S.à r.l. («ERG») тобына кіреді. ERG тобы Қазақстан қаржы министрлігіне (40%), Александр Машкевич пен Ибрагимовтар отбасына (20,7%) және Патох Шодиевке (18,6%).
Компания Қазақстан аумағында хром, марганец, ферроқорытпалар өндіреді