232
Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңгені жымқырған
Ақтөбе облысы прокуратурасы №48 жалпы білім беретін мектеп бухгалтерінің бюджет қаражатын заңсыз иемденуіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Бухгалтер Г 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.
Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.
Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды.
Ақтөбе қаласының №2 соты бухгалтерді кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол сондай-ақ 7 жылға материалдық жауапкершілік алатын лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.