216
Екібастұзда келіншек подъезге дәрет сындырған
Ол жазасын алды.
Екібастұздағы көп қабатты үйлердің бірінде әйел адам подъездегі баспалдақта дәрет сындырған.
Кеншілер көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары 102-ге қоңырау соғып, видеобақылау камерасындағы кадрларды көрсеткен. Тәртіп сақшылары қажетті шара қолданған.
«Жасаған ерсі қылығы үшін келіншек «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол подъезді жуып-тазалап, бес тәулікке қамалды», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.
Биылғы жылы Екібастұздың 234 тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.