Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан уәде етілген сыйақы әлі берілмеген

Бұл туралы парадзюдошы Ақмарал Науатбек айтты

Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан уәде етілген сыйақы әлі берілмеген
фото: әлеуметтік желіден
241

Биылғы паралимпиада ойындарының чемпионы, парадзюдошы Ақмарал Науатбек тележүргізуші Динара Сәтжанның Late Night Show жобасында қонақ болды. Бағдарлама барысында параспортшы мемлекет тарапынан белгіленген сыйақыны әлі алмағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Динара Сәтжан параспортшымен сұхбат барысында оның алтын медаль иеленгені үшін қандай сыйлықтар алғанын сұрады. Ең алдымен Ақмарал Науатбек туған жері Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімдігі 5 млн теңге көлемінде сыйақы бергенін атап өтті.

Одан кейін параспортшыға Астана қаласының әкімдігі 3 бөлмелі пәтер сыйлағаны белгілі болды. Бірақ пәтердің кілті әлі берілмеген.

«Пәтердің кілті әлі берілген жоқ. Қандай тұрғын үй кешенінен берілетіні де белгісіз. Осы жылы беріледі деп үміттенемін», - деді Ақмарал Науатбек.

Одан бөлек спортшыға 30 млн теңге берілген.

Динара Сәтжанның алтын медаль үшін мемлекет беруі тиіс 250 мың доллар туралы сауалына жауап берген Ақмарал бұл сыйақыны әлі алмағанын айтты.

«Жақын арада аламыз деп ойлаймын. Олимпиада мен паралимпиада жүлдегерлеріне бұл сыйақы бір уақытта берілетін сияқты», - деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париж қаласында өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары