Клинингтік қызмет көрсетушілер пәтерлерді тонап кеткен

Ақтауда ер адам мен әйел клинерлер кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен.

Клинингтік қызмет көрсетушілер пәтерлерді тонап кеткен
Автор
Админ
285

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер ұсталған, деп хабарлайды turkystan.kz

Олар бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған.

Қазір екеуі де қамауға алынып, тергеу жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ІІМ пәтерлерді тазарту қызметтері бойынша тек сенімді клинингтік компанияларға жүгінуді ұсынады.  – Мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы – тазалау процесін бақылауда ұстау. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда үй-жайдан құнды заттарды алып кеткен жөн. Бейнебақылау камераларын қолдану да өзекті. Егер пәтерді тазалап болғаннан кейін сіз заттарыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, дереу клинингтік компанияның қызметкерлері мен басшылығына хабарласыңыз. Егер жоғалған мүлік қайтарылмаса және табылмаса, онда полицияға жүгіну қажет, – деді ведомствода.

 

Серіктес жаңалықтары