244
Сот мәжбүрлі емге жіберген азамат ауруханадан қашып кетті
Бұған дейін ол қоғамға қауіпті мінез-құлқы үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.
Алматы облысында ер адам медицина мекемесінен қашып кетті. Сот оны мәжбүрлі түрде емделуге жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қоғамға қауіпті мінез-құлқы үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі емге жіберілген азамат К-ны полиция ұстады. Ол құжаттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін, оларды қайта жасату керектігін сылтауратып, ауруханадан қашып кеткен», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.
Полиция оны 21 қазанда ұстап, емін жалғастыру үшін қайтадан ауруханаға жеткізді.