Ақтөбеде балаға азғындық жасады деген күдікті өлі күйінде табылды

ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған

Ақтөбеде балаға азғындық жасады деген күдікті өлі күйінде табылды
Ақтөбе таймс
465

Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

"Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Серіктес жаңалықтары