420
Үндістандағы "банк" қызметкерлерін алдап кеткен
Үндістанда алаяқтар жалған банк ашып, жұмысқа тұруға келгендерді алдап кеткен, деп хабарлайды indianexpress.com.
Үндістанда алаяқтар ауылдық жерге жалған банк бөлімшесін ашып, жұмыс іздеушілерді алдап, ақшаларын иемденіп кеткен.
Олар жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар орналастырып, қызметке орналасу үшін үміткерлерден алдын ала төлем жасауды талап еткен.
Алты адам бұл қулыққа алданып, алаяқтарға жалпы сомасы 14 300 доллар ақша берген. Ақшаны жинап алған алаяқтар ізін суытып үлгерген.