221
Астанада кальян шеккендерге айыппұл салынды
Елордада учаскелік инспекторлар рейд жүргізіп жатыр.
Есіл ауданында жүргізілген рейд барысында қоғамдық орында кальян шегуге қатысты 29 бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осындай жағдайдың бірі Қонаев көшесінде орналасқан барда болған.
«Полицияға барға келушілерден қоңырау түсті. Олар кальян шегушілердің үстінен шағым түсірді», - деді полиция.
Заң бұзғандарға 15 АЕК – 55 380 теңге айыппұл салынған.