Маңғыстау облысында Өзбекстанның 6 азаматы қаза тапты

Көлікте барлығы 10 адам болды.

Маңғыстау облысында Өзбекстанның 6 азаматы қаза тапты
istockphoto.com
582

Маңғыстау облысында көлік соқтығысып, Өзбекстанның алты азаматы қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

Ведомствоның ақпаратынша, 16 қазанда таңғы сағат 7:30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac көлігі жол көлік оқиғасына ұшыраған.

«Автокөлік жолдың шетінде шекарадан өту кезегін күтіп тұрған «Ман» жүк көлігімен соқтығысты», - деп түсіндірді ведомство өкілі.

 Көлікте барлығы 10 адам болды.

«Оның ішінде 4 адам Бейнеу Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Олар қажетті емді толық көлемде алады», - деп нақтылады өңірдің полиция департаментінің өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасына қатысқан барлық көлік Өзбекстан Республикасында тіркелген.

«Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары», - деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілі.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығына хабарланды.

Серіктес жаңалықтары