Бақытқожа Ізмұхамбетов газ инспекциясын құруды ұсынды

Бақытқожа Ізмұхамбетов газ инспекциясын құруды ұсынды
сурет: parlam.kz
356

Мәжіліс депутаты Бақытқожа Ізмұхамбетов газ инспекциясын құруды ұсынып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. 

Бүгінгі күні еліміздің 11 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада газ тарату жүйесі жұмыс істейді. Тұтынушылар арасында газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар
да жүргізіліп жатқанмен, жазатайым оқиғалар артып келеді.2019-2023 жылдары газ пайдаланудан зардап шеккендердің саны 536 адам болса, оның 186-сы адам өлімі.

Мысалы, 2019-2022 жж. жылыту кезеңінде Шымкент қаласы бойынша келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны 22, зардап шеккен 55 адам, оның ішінде 13 адам қаза тапты. Сондай-ақ 2021-2022 жж. жылыту кезеңінде келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны 14, зардап шеккен  22 адам, оның ішінде өлім жағдайымен 17 адам тіркелді.Тұрмыстық баллондар мен газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар 2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Бұл мүлдем жеткіліксіз. Бақылаушылардың саны да, бақылайтын, тексеретін базасы, керекті құралдары да жоқ, міндеттері мен жауапкершіліктері де белгіленбеген. Бұрыңғы газ инспекциясы құрылмаса, бұл қауіп пен қатер азаймайды, – деді ол.

Қаржыға келсек, қираған ғимараттардың құны бұл шығыннан әлдеқайда көп.

Адам қаупсіздігінен қаржы үнемдеудің керек емес екені сірә дә белгілі. Сондықтан, газ пайдалану қауіпсіздігін қадағалайтын және жауап беретін органды қарастыруды ұсынамын, – деді Бақытқожа Ізмұхамбетов.

 

 

                                 

Серіктес жаңалықтары