«Қатігездікке жол бермейік»: Ерке Есмахан желі қолданушыларын сұлулығымен тәнті етті

Әнші күзгі фотосессия жасатқан.

«Қатігездікке жол бермейік»: Ерке Есмахан желі қолданушыларын сұлулығымен тәнті етті
сурет ашық дереккөзден алынды
494

Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялап, ерекше ойымен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Әлемді мейірім мен махаббат қана құтқарады. Барлық адам - сүйікті жаратылыс. Өзіңнің де, өзгенің де өмірін аялап, қатігездікке жол бермейік. Күңіренген күздің басқа, жағымды жаңалықтарымен бөлісе отырыңыздар», - деп жазды әнші.

Оның жазбасын оқып, суретін көрген оқырмандары жылы лебіздерін аяп қалған жоқ.

«Сенің сұлулығың — тек сыртқы келбетіңде емес, жүрегіңнің жарқырауында жатыр», «Сізде тек жақсы жаңалықтар бола берсін деп тілеймін», «Қыздар, өмірді қиындатпай, осы Ерке қыздай өмір суру керек», «Өзіңіздей әдемі, талантымен таң қалдыратын тұлғаға қарап, шабыт аламыз», «Сұлулардың сұлуы сіз екенсіз», «Әдемісіз, сұлусыз!», - делінген көпшілік қалдырған пікірлер арасында.

Серіктес жаңалықтары